ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ 2020 жылғы қаңтар- ақпан ішінде ӘЭД қорытындылары

  1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2020 жылғы 1 наурызға жағдайына өнеркәсіптік өндіріс көлемі 130,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 99,5%.

НКИ тау-кен өнеркәсібі – 144,9%;

НКИ өндіру өнеркәсібі 100,3%;

НКИ электрмен жабдықтау, бу беру және ауалық салқындату – 102,7% құрады;

НКИ сумен жабдықтау; кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 94,8%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

2020 жылғы 1 наурызға ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімін (қызметтерін) жалпы шығару көлемі 795, млн. теңгені құрады, НКИ – 110,7%.

Ауыл шаруашылығы

 ІҚМ басының саны 6,7 мың басты (2019 жылғы 1 наурызға қарағанда 103,4%), қой – 10,6 мың басты (106%), ешкі – 0,9 мың басты (90,2%), жылқы – 2,4 мың басты (92,2%), шошқа – 25,1 мың басты (106,0%), құс – 575,5 мың басты (137,6%) құрады.

Еттің барлық түрлерін өндіру 236,8 тоннаны (104,4%), сүт өндіру –  527,8 тоннаны (98%), жұмыртқа – 20,5 мың дананы (117,7%) құрады.

1.3. Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 91,3%.

Тұрғын ғимараттарды іске қосу

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6,8 мың ш. м.немесе 207,4%.

Бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында жалпы көлемі 27 мың ш. м. 4 көп қабатты тұрғын үй (№11, 24/2,29, 31),  «Әуеқалашық» ш. а. жалпы көлемі 7,8 мың ш.м. 46 үй (46 участке, 55 пәтер), Достық ш.а. жалпы ауданы 9,4 мың шаршы метр үш тұрғын үй (2, 3,13) салынып жатыр.

Жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы іске қосылған жалпы ауданы 24,8 мың ш. м. 2 үйдің («Павлодарэнерго» АҚ Ткачев көшесі, 18/1 және «Қазақстан алюминийі» АҚ Лесная – Гагарин көшесі бойынша) құрылысы жалғасуда.

  1. Инвестициялар

2018 жылғы 1 наурызға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 8 589,7 млн. теңге, НКИ – 105,1%.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны 30 563 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтіндері 25 582 бірлік, соның ішінде жеке кәсіпкерлер 18 134 бірлік.

  1. Сауда

Бөлшек сауда көлемі 34 945,7 млн. теңгені немесе 100,1% — ды құрады.

Қаланың тұтынушылар нарығында бағаның негізсіз өсуін болдырмау және тұрақтандыру үшін:

— 19 топ бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес);

— 28 «Әлеуметтік» дүкен қызмет етеді (оның 3-еуі ауылдарда орналасқан).

— аймақ және көтерме-бөлшек сауда желісінің өндірушілерімен жасалған 12 Меморандум әрекет етеді.

— Естай к-сі, 81 мекенжайы бойынша ауыл шаруашылық жәрмеңкесі күнделікті негізде жүргізіледі.

  1. Бюджет

Есепті кезең ішінде  қала  бюджетіне жоспар бойынша 10 840,6 млн. теңге немесе 1,3 есе өсіммен 14 309 млн. теңге меншікті кірістер тартылды.

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы 99,6% — ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 10 493,3 млн.теңге, орындалуы 10 448,2 млн. теңгені құрады.

2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 101 843,6 млн.теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 21,3% — ға немесе 21 690,9 млн. теңгеге тең.

  1. Әлеуметтік орта

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту саласында есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тіркелген азаматтардың саны 1 353 адамды құрады.

1 242 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 726, әлеуметтік жұмыс орындарына – 117 адам, жастар тәжірибесіне – 43 түлек. Қоғамдық жұмыстарға 372 адам қатысты.

Қала кәсіпорындарымен 321 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 320 тұрақты жұмыс орны.

Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны – 2 459 адамды құрады.

6.2 Еңбекақы төлеу

2018 жылғы қаңтар – желтоқсан ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 160 918 теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 113,8%-ды құрады.

  1. Білім беру

Есепті кезең ішінде Павлодар қаласының білім беру жүйесі  133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымы, соның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ОӨК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес ұйымға кіретін ұйымдар желісін ұсынады.

Тұтас қала бойынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,5% — ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 100% — ды құрады.

Қаланың 42 мектептері компьютерлік техникамен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жабдықталудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.

  1. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен көрсетілген: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалту қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің 17,8% — ға (100 мың тұрғынға 319,2), сәби өлімі 50% — ға (1000 тірі туылған балаға 4,30) төмендегені байқалады, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім 9,8% — ға (100 мың тұрғынға 292,6) өсті. 2020 жылдың қаңтар-ақпанында қалада 1 ана өлімі жағдайы тіркелген жоқ. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 31% — ға төмендеді (100 мың тұрғынға 38,2)

  1. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 421км. құрайды, оның асфальтобетонды жабындысымен 270 км. және құм жабындысымен 151 км.

Қала көшелерінің, жолдарының және тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1,4 млрд. теңге бөлінді.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2019 жылғы қаңтар ішінде қылмыстардың 662 фактісі тіркелді. Осыған қоса 2 ай ішінде көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 10,1%-ы құрады.

37 жол-көлігінің оқиғасы тіркелді, онда 1 адам қаза тапты, 50 адам — әртүрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

ЖКО қаза тапқандар санын азайту бойынша көрсеткіш 100 зардап шегушіге 2%-ы құрады (Жоспары – 2,1).