ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ 2020 жылғы қаңтар ішінде ӘЭД қорытындылары

  1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2020 жылғы 1 ақпан жағдайына өнеркәсіптік өндіріс көлемі 63,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 95,9%.

НКИ тау-кен өнеркәсібі 42,4 есе%;

НКИ өндіру өнеркәсібі 95,5%;

НКИ электрмен жабдықтау, бу беру және ауалық салқындату – 103,4% құрады;

НКИ сумен жабдықтау; кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 88,8%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

2020 жылғы 1 ақпанға ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімін (қызметтерін) жалпы шығару көлемі 383,9 млн. теңгені құрады, НКИ – 115,4%.

Ауыл шаруашылығы

 ІҚМ басының саны 6,5 мың басты (2019 жылғы 1 ақпанға қарағанда 103,9%), қой – 9,2 мың басты (104,8%), ешкі – 0,8 мың басты (93,3%), жылқы – 2,4 мың басты (91,4%), шошқа – 23,9 мың басты (97,3%), құс – 620,1 мың басты (147%) құрады.

Еттің барлық түрлерін өндіру 101,1 тоннаны (113,7%), сүт өндіру –  241,9 тоннаны (97,4%), жұмыртқа – 10,4 мың дананы (122,4%) құрады.

1.3. Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 201,9%.

Тұрғын ғимараттарды іске қосу

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 149 ш. м.немесе 9,7%.

Бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында жалпы көлемі 27 мың ш. м. 4 тұрғын үй, «Әуеқалашық» ш.а. – 46 үй (46 учаске, 55 пәтер) – 7,8 мың ш.м., «Достық» ш.а.  жалпы көлемі 9,4 мың ш. м. үш тұрғын үй  (2,3,13 дақ)  салынып жатыр.

Жеке инвестициялар есебінен жалпы алаңы 24,8 мың ш. м. 2 үй 2020 жылы іске қосумен салынып жатыр («Павлодарэнерго» АҚ — Ткачев көшесі, 18/1, «Алюминий Казахстана» АҚ — Лестная — Гагарин көшесі).

  1. Инвестициялар

2020 жылғы 1 ақпанға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2 095,9 млн. теңге, НКИ – 130,1%.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны 30 613 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтіндері 25 550 бірлік, соның ішінде жеке кәсіпкерлер 18 139 бірлік.

  1. Сауда

Бөлшек сауда көлемі 17 629 млрд. теңгені немесе 100,5% — ды құрады.

Қаланың тұтынушылар нарығында бағаның негізсіз өсуін болдырмау және тұрақтандыру үшін:

— 19 топ бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес);

— 28 «Әлеуметтік» дүкен қызмет етеді (оның 3-еуі ауылдарда орналасқан).

— аймақ және көтерме-бөлшек сауда желісінің өндірушілерімен жасалған 12 Меморандум әрекет етеді.

— Естай к-сі, 81 мекенжайы бойынша ауыл шаруашылық жәрмеңкесі күнделікті негізде жүргізіледі.

  1. Бюджет

Есепті кезең ішінде  қала  бюджетіне 6 545,1 млн. теңге жоспар бойынша 2 791,8 млн. теңге немесе 2,3 есе өсіммен меншікті кірістер тартылды

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 99,6% — ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 3 255,2 млн.теңге, атқарылуы 3 236,2 млн. теңгені құрады.

2019 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 101 881,2 млн.теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 21,3% — ға немесе 21 724,9 млн. теңгеге тең.

  1. Әлеуметтік орта

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту саласында есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тіркелген азаматтардың саны 995 адамды құрады.

996 азаматқа жұмысқа тұруға жәрдем көрсетілді, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 504, әлеуметтік жұмыс орындарына – 99 адам, жастар практикасына – 33 түлек. 360 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Қала өнеркәсіпорындарымен 321 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 320-тұрақты жұмыс орны.

Есепті кезеңде Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздардың саны – 2 477 азаматты құрады.

6.2 Еңбекақы төлеу

2019 жылғы қаңтар – желтоқсан ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 160 918 теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 113,8%-ды құрады.

  1. Білім беру

Есепті кезең ішінде Павлодар қаласының білім беру жүйесі  133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымы, соның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ОӨК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес ұйымға кіретін ұйымдар желісін ұсынады.

Тұтас қала бойынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,5% — ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 100% — ды құрады.

Қаланың 42 мектептері компьютерлік техникамен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жабдықталудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.

  1. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен көрсетілген: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалту қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,9% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 356,6), нәресте өлім-жітімінің 84,2% — ға (тірі туылған 1000 балаға 8,73), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 2,5% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 216,1) азайды. 2020 жылдың қаңтар айында қалада 1 де ана өлім-жітімі тіркелген жоқ. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 18,8% — ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 43,3).

  1. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 421км. құрайды, оның асфальтобетонды жабындысымен 270 км. және құм жабындысымен 151 км.

Қала көшелерінің, жолдарының және тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1,4 млрд. теңге бөлінді.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2019 жылғы қаңтар ішінде қылмыстардың 449 фактісі тіркелді. Бұл ретте 2019 жылғы қаңтарда көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 14,7% — ды құрады.

27 жол-көлігінің оқиғасы тіркелді, онда 1 адам қаза тапты, 33 адам — әртүрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.