Павлодар қалалық мәслихатының 32 кезектен тыс сессиясы өтті.

2018 жылғы 22 қаңтарда  Павлодар қалалық мәслихатының 32 кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

 Бірінші сұрақ «Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларынатқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңестік орган туралы» № 201/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 12 тармағына сәйкес айтылмыш жоба шешімі  қылмыстық  жазаны  және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де  шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесінің құрамын кадрлық өзгерістерге байланысты  бекіту Павлодар қалалық мәслихатының қарастырылуға ұсынылған болатын.

«Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жылжымайтын мүлікті бағалау  жөнінде есепті келісу туралы

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады.

Жоғарыда айтылғанға   байланысты Бөліммен қосымшада көрсетілген жер телімдерінің санына «Көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларына келісу туралы» шешім жобасы енгізіледі.

№7 сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының депутаты  Күлбаев Ж.Д. Павлодар қаласынан кетіп мекен-жайыны ауысуына байланысты депутаттық өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім шығарылды.